avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
11.04.2026 16:48
Azattyq - Азаттық Тоқаев пен Мирзияев Бұхарада бейресми кездесті Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы 11 сәуірде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Бұхара қаласының әуежайында Тоқаевты Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев күтіп алған. "Салтанатты қарсы алу рәсімінде Қазақстан президентінің құрметіне ұлттық ән мен би орындалды. Бүгін мемлекеттер басшылары бейресми кездесу өткізіп, шаһардағы бірқатар тарихи және өнеркәсіп нысанын аралайды", деп жазды Ақорданың баспасөз қызметі.
Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстанның "Таза ауа" экологиялық бастамасын қолдап, оны Қазақстан қалаларында да жүзеге асыруды ұсынған.

"Біздің Алматы қаласындағы ахуал да тым күрделі. Өкінішке қарай, Алматы әлемдегі ауасы ластанған ірі қалалар қатарында тұр. Сондықтан шұғыл шаралар қабылдау қажет. Егер Сіз қарсы болмасаңыз, "Таза ауа" бастамасын бірлесіп іске асыруды ұсынамыз", деген Тоқаев.
👍 23
🤔 9
💩 4
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram