avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
11.04.2026 09:15
Айды айнала ұшқан "Артемида-2" экипажы Жерге оралды

NASA мәліметінше, төрт астронавт мінген ғарыш кемесі капсуласы Калифорния маңындағы Тынық мұхитына жоспарға сай сәтті қонған, экипаждың төрт мүшесінің де жағдайы жақсы. Олар 11 сәуір күні Астана уақытымен таңғы сағат 5:08-де Жерге оралған.

🌕 Осылайша адамзаттың жарты ғасырдан астам уақыттан кейінгі Айға қайта жасаған сапары сәтті аяқталды.

NASA басшысы Джаред Айзекман мұны "Айға адам ұшырып, оларды аман қайтару дәуірінің қайта басталуы" деп атады.

🇺🇸 АҚШ президенті Дональд Трамп "Артемида-3" экипажын ғарыш сапарынан аман-есен оралуымен құттықтап, "келесі қадам – Марс" деп мәлімдеді.

👨‍🚀 "Артемида-2" миссиясы экипажының құрамы: NASA астронавтары Рид Уайзман, Виктор Гловер, Кристина Кох және канадалық астронавт Джереми Хансен. Олар Айды шамамен 8 мың шақырым қашықтан айналып ұшып өтті.

📌 Адамзат тарихында Айды жақыннан көрген адам саны енді 28-ге жетті.
18
👏 10
👍 2
1 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram