️️️ "Мемориал" құқық қорғау ұйымы Ресейдегі жұмысын доғаратынын жариялады
🚫 Ресейдегі ең көне құқық қорғау ұйымдарының бірі – "Мемориал" адам құқығын қорғау орталығы ел аумағындағы қызметін доғаратынын мәлімдеді. Ұйымның айтуынша, оны "экстремистік ұйым" деп тануды сұраған Әділет министрлігінің талап-арызы бойынша, "өте құпия" белгісі соғылған істі сот жабық режимде қараған, адвокатты сотқа қатыстырмаған.
⚖️ 9 сәуірде Ресейдің Жоғарғы соты "Мемориалды" "экстремистік ұйымдар" тізіміне енгізіп, Ресейде оның қызметіне тыйым салды.
📌 Құқық қорғаушылар бұл шешімді Ресейдегі азаматтық қоғамға саяси қысымды күшейтудің жаңа кезеңі деп атады.
📚 "Мемориал" — 1989 жылы әйгілі совет диссиденті академик Андрей Сахаровтың қатысуымен құрылған, Совет одағындағы қуғын-сүргінді және Ресейдегі саяси қудалауды зерттеумен айналысқан.
🇰🇿 Совет одағында билікке Михаил Горбачев келгеннен кейін басталған қайта құру мен жариялылық саясаты кезеңінде дүниеге келген ұйымның идеялық ықпалы советтік Қазақстанға да жеткен: оның бейресми бөлімі негізінде кейін "Әділет" тарихи-ағарту қоғамы құрылып, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтауға маңызды үлес қосты.
⚠️ Ресей заңы бойынша, "экстремистік" деп танылған ұйымды қаржыландыру, қызметіне қатысу немесе символикасын пайдалану әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.
😡14
😢3
❤2
🔥2
💩2
👎1
1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram