avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
10.04.2026 18:56
Владикавказдағы жарылыс: кемінде 2 адам өліп, 14 адам жараланды

Ресейдің Солтүстік Осетия республикасының астанасы Владикавказда 10 сәуірде болған жарылыстан кемінде 2 адам қаза тауып, 14 адам жараланды, деп хабарлады ТЖМ. Зардап шеккендер арасында екі бала бар, бәрі ауруханаға жеткізілген. Төрт адамның жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.

🔥 Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғын үйлер маңындағы пиротехника заттары сақталған қоймада жарылыс болған. Құтқарушылар қираған ғимарат үйіндісі астынан қаза тапқандар мен екі жаралыны алып шыққан.

🚑 ТЖМ оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатқанын, үйінді астында тағы адамдар болуы мүмкін екенін, қоймада пиротехника сақталғандықтан, жарылыс қаупі сейілмегенін айтады.

🎓 Жарылыс болған маңдағы медициналық факультет студенттері эвакуацияланған.

📹 Әлеуметтік желіде тараған видеоларда қойманың бір бөлігі қирап, жанындағы автотұрақтағы көліктерге зақым келгені көрінеді.

🕵️ Тергеу нұсқасы бойынша, жарылыс пиротехника сақталған қойманың ішінде болған. Кей дереккөздер алдымен қойма жарылып, кейін көрші пиротехника дүкені өртенгенін айтады.
👍 5
🔥 4
😨 4
1
1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram