🏘️ "Отбасы банк" екі ипотека бағдарламасына АДБ-дан 90 млрд теңге тартпақ
Қазақстанның "Отбасы банк" Азия даму банкінен (ADB) 90 млрд теңге қарыз алу туралы келісімге қол қойды. Қаржы "Ұмай" және "Жасыл ипотека" бағдарламаларына жұмсалмақ.
🏠 Алғашқы кезеңде 2 мыңнан астам ипотека беру жоспарланған. Бұған дейін "Ұмай" арқылы 3 660 әйел баспаналы болған.
📌 "Ұмай" бағдарламасымен:
— дайын және салынып жатқан үй алуға;
— нарықтан 2016 жылдан бергі кезеңде салынған баспана алуға;
— сатып алу + жөндеуге бір несиемен қаржы алу мүмкіндігі бар.
💸 Негізгі талаптар:
— ең жоғарғы несие - 50 млн теңге (25 жылға дейін)
— жөндеуге 15 млн теңгеге дейін
— депозитте болуы шарт бастапқы жарна: 0–50%
🌱 "Жасыл ипотека" бағдарламасымен:
— баспана OMIR "жасыл" сертификатына сай болуға тиіс;
— коммуналдық шығынды азайтуға бағытталған.
📊 Барлық қатысушы:
— кейінгі 6 айда ресми табысы болуы керек;
— үйді кез келген өңірден алуға болады;
— бұрыннан баспанасы болуы шектеу емес.
🤔11
❤5
🗿2
👍1
10 5.6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram