⛴ Трамп Иранның Ормуз бұғазына қатысты әрекетіне наразы
АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды Ормуз бұғазынан мұнай танкерлерінің еркін өтуін қамтамасыз ету міндетін бұзып отыр деп кінәлады. Оның сөзінше, Тегеран бұғаздан өтетін танкерлерден ақы алып жатыр деген ақпарат бар.
🛢️ Трамп егер Иран шынымен танкерлерден төлем алып жатса, онысын дереу тоқтатуы керек деді.
📌 Апта басында АҚШ пен Иран атысты екі аптаға тоқтатуға келіскен. Вашингтон егер Иран Ормуз бұғазын кеме қатынасына ашатын болса, онда Иранға шабуылдарды тоқтатуға дайын екенін айтқан.
⚠️ Келіспеушіліктің тағы бір түйіні — Израильдің Ливандағы "Хезболла" тобына қарсы жүргізіп жатқан операциясы. Израиль АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітімді қолдағанымен, оның Ливанға жүрмейтінін және операция жалғасатынын айтқан. Тегеран бұған жауап ретінде, егер операция тоқтамаса, бітімнен бас тартуы мүмкін екенін жеткізген.
🕊️ 11 сәуірде Пәкістанда АҚШ пен Иран келіссөзі өтпек, америкалық делегацияны вице-президент Джей Ди Вэнс бастап барады. Келесі аптада Израиль мен Ливанның өкілдері кездесуі мүмкін.
🌍 Таяу Шығыстағы шиеленістің негізгі түйіні қазір Ормуз бұғазы, Ливан және "Хезболла" мәселелерімен тығыз байланысып отыр.
🤔9
👍7
❤3
👎1
🔥1
1 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram