Израиль мен Ливан тікелей келіссөзге дайындалып жатыр
Израиль премьері Биньямин Нетаньяху үкіметке Ливанмен тікелей бейбіт келіссөзді "мүмкіндігінше қысқа мерзімде" бастауды тапсырған. Келіссөз басталған жағдайда "Хезболла" тобын қарусыздандыру және екі ел арасындағы бейбіт қатынастарды реттеу мәселелері талқылануы мүмкін.
📌 "Хезболла" — АҚШ пен Израиль террористік ұйым деп таныған, алайда Ливанда заңды саяси күш ретінде әрекет ететін шииттік топ.
🗣 Reuters Ливан президенті Жозеф Аун бұған дейін жағдайды реттеудің шешімі "Израильмен атысты тоқтату және тікелей келіссөз" екенін мәлімдеп, дипломатиялық жол қарастырылып жатқанын айтқан.
📍 Axios дерегінше, Израиль-Ливан келіссөзі келесі аптада Вашингтонда басталуы мүмкін, алайда әзірге атысты тоқтату режимі енгізілмеген.
Апта басында АҚШ пен Иран екі апталық бітімге келіскен соң, Израиль оны қолдайтынын, алайда оның шарты Ливанға жүрмейтінін айтқан.
Тегеран егер Израиль "Хезболлаға" шабуылды жалғастырса, бітімнен бас тартуы мүмкін екенін ескерткен.
⚔️ Израиль армиясы 9 наурызда ЦАХАЛ Ливанның оңтүстігінде “шектеулі құрлық операциясын” бастаған.
📊 Ливан билігі Израиль шабуылдарынан шамамен 1700 адам қаза тауып, 1 млн астам тұрғын үй-жайын тастап кеткенін айтты. Reuters дерегі бойынша, кемінде 400 “Хезболла” мүшесі өлтірілген.
👍8
🤔6
🤬2
❤1
5 5.8K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram