avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
10.04.2026 10:39
️️️️БАҚ: Қазақстандағы ең бай 25 іскер әйелдің капиталы 8,1 млрд долларға жетті

Forbes Women Kazakhstan басылымы Қазақстандағы ең ауқатты іскер әйелдердің алғашқы рейтингін жариялады. Оған енген 25 әйелдің жиынтық байлығы 8,1 млрд доллар, ал жалпы капиталдың 67% бір ғана әйелге тиесілі.

👑 Рейтинг басында экс-президенттің қызы Динара Құлыбаева ($5,4 млрд) тұр. Одан кейінгі орындарға Мұқадасхан Ибрагимова ($650 млн) мен Дариға Назарбаева ($550 млн) жайғасыпты.

📊 Басылым мәліметінше, жалпы байлықтың 87% тізімдегі алғашқы бес адамға тиесілі. Капиталдың негізгі бөлігі отбасылық және серіктестік активтермен байланысты.

🏦 Негізгі секторлар: қаржы, шикізат, энергетика, коммерциялық жылжымайтын мүлік, премиум ритейл және агробизнес.
🤬 12
🤡 10
🤷‍♀ 3
👍 2
👎 1
😱 1
4 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram