️ Путин Украинамен соғыста "Пасха бітімін" жариялады
Ресей президенті Владимир Путин Украина күштерімен арадағы бүкіл майдан шебінде 11 сәуір сағат 16:00-ден 12 сәуірдің соңына дейін 32 сағаттық "Пасха бітімін" жариялады. Кремльдің мәлімдеуінше, қорғаныс министрі Андрей Белоусовқа осы кезеңде майданның барлық тұсында атыс-шабысты тоқтату тапсырылған. Мәскеу Киев те осындай шешім қабылдайды деп күтетінін мәлімдеді.
✝️ Уақытша атысты тоқтату режимі православ Пасха мерекесіне орай енгізіліп отыр.
Путиннің мәлімдемесіне байланысты 9 сәуір кешке жариялаған пікірінде Украина президенті Владимир Зеленский бұған дейін Пасхаға орай атысты тоқтату бастамасын Киев ұсынғанын айтты.
"Біз биыл Пасха мерекесі кезінде атысты тоқтатуды ұсындық және соған сәйкес әрекет етеміз. Адамдарға қауіп-қатерсіз Пасха және бейбітшілікке нақты қадам қажет, әрі Ресейдің Пасхадан кейін де шабуылдарды қайта бастамауына мүмкіндік бар", деді Зеленский.
. 📌 Путин былтыр да Пасха кезінде осыған ұқсас қысқа мерзімді бітім жариялаған. Сол кезде де екі тарап бір-бірін келісімді бұзды деп айыптаған еді. Ал 2023 жылғы православ Рождествосына жарияланған атысты тоқтату режимі де майдандағы шайқастарды іс жүзінде тоқтата алмаған.
🤔9
👍5
1 1.3K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram