Алматы хайуанаттар бағында үш жұп кенгуру төлдеді. Қазірше біреуінің ғана жынысы анықталған — қызыл кенгурудан еркек төл туған. Қалған екі сұр кенгурудың төлі енесінің қалтасында болғандықтан, жынысы әзірге белгісіз.
🦘 Зообақ мәліметінше, сұр кенгуру төлдері Лорд пен Лара, сондай-ақ Тик пен Линда жұптарынан туған. Лара алтыншы рет, ал Линда алғаш рет төлдеді. Еркек төл Мартин мен Марта атты қызыл кенгурулардан туған.
📍 Мамандардың айтуынша, кенгурудың тууы көбіне сырт көзге байқалмайды: жаңа туған төл өте кішкентай болып, бірден енесінің қалтасына кіріп алады. Сондықтан қызметкерлер оның туғанын тек біраз уақыттан кейін, қалтадан басын шығара бастағанда ғана аңғарады.
📝 Зообақ өкілдері жаңа туған кенгуруларға ат қоюға қала тұрғындары да қатыса алатынын хабарлады.
😍13
🔥5
❤4
👍3
2 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram