Трамп Рюттемен кездесуден кейін НАТО-ны қайта сынады
АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО бас хатшысы Марк Рюттемен Вашингтонда кездескеннен кейін НАТО-ны Иран мәселесінде АҚШ-ты "қажет кезде қолдамады" деп сынға алды. Ол альянс болашақта да Вашингтонға сенімді тірек бола алмайды деп мәлімдеді.
Рютте CNN-ге сұхбатында Трамппен кездесуі "ашық әрі шынайы" өткенін айтты. Оның сөзінше, Еуропа елдерінің басым бөлігі АҚШ-қа логистика, әскер орналастыру және ұшу операциялары бойынша қолдау көрсеткен.
Трамп кейінгі кезде НАТО-ны Иранға қарсы әскери операция аясында жиі сынап жүр. Ол бұған дейін АҚШ-тың альянстан шығу мүмкіндігін де қарастырып жатқанын айтқан.
👍9
🤯5
😁3
🔥1
1 1.5K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram