avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
09.04.2026 14:17
Литвада ресейлік тыңшы желісі кісі өлтіруге жалдаған деген күдікке ілінген топ әшкереленді

Грекияда Литваның сұрауымен Ресейдің тыңшылық желісімен байланысы бар деген күдікке ілінген 55 жастағы азамат ұсталып, оны Литваға экстрадициялау туралы шешім шықты. БАҚ дерегінше, ол Литвадағы ресейлік белсенді мен саяси кеңесшіні өлтіруді жоспарлаған топтың мүшесі болуы мүмкін.

Тергеу мәліметі бойынша, күдіктілер нысанаға алынған адамдарды сырттай бақылап, барлау деректерін жинаған. Литвада күдіктілердің бір бөлігі 12 наурызда ұсталып, қастандық жоспарының жолы кесілген.

ICCT және Globsec есебіне сәйкес, Украинадағы соғыс басталғалы Кремль Еуропада кемінде 151 гибрид шабуыл ұйымдастырған. Сарапшылар Ресей Еуропадан жүздеген агент қуылғаннан кейін азаматтық тұлғаларды көбірек тарта бастағанын айтады.

Мәскеу мұндай айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.
Азаттық радиосы
Литвада саяси қастандықтар жасауды жоспарлаған топ әшкереленгені айтылды
Грекияда Литва сұрауы бойынша Ресейдің тыңшы желісімен байланысы бар деген күдікке ілінген 55 жастағы азамат тұтқындалды. Ол желі Литвадағы ресейлік белсенді мен саяси кеңесшіні өлтіруге дайындалған деген болжам бар, деп жазды Voria және Delfi басылымдары. Күдіктінің аты-жөні жарияланбаған....
👍 17
4
1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram