avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
09.04.2026 10:01
️ Трамп айтқан және Тегеран жариялаған жоспарлар айырмашылығы, Израильдің Ливанға шабуылына Иранның реакциясы

The New York Times мәліметінше, Иран жариялаған 10 тармақты жоспар Дональд Трамп "келіссөзге негіз" деп атаған құжаттан бөлек. Осы тұста Тегеран Израиль Ливандағы "Хезболла" тобына қарсы операцияларын тоқтатпаса, екі апталық бітім режимінен шығатынын ескерткен.

Израиль әуе күштері Бейрут пен Ливанның өзге аудандарына шабуыл жасады. Қызыл Крест дерегі бойынша кемінде 80 адам қаза тауып, 200-ден астамы жараланған. Израиль бұл шабуылдар бітім шартын бұзбайды, өйткені келісім Ливанға жүрмейді деп отыр.

Оқиға аясында Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлерінің өтуі уақытша тоқтатылды. Financial Times Иран транзит үшін әр баррельге 1 доллар алым енгізуді, ал төлемді биткоинмен қабылдау мүмкіндігін қарастырып жатқанын жазды.
🤔 8
👍 6
2
👎 1
3 7.1K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram