❗❗ "Атажұрт" ісі бойынша сотқа тартылған 18 адамның барлығына прокурор 5 жыл бас бостандығынан айыру не сол мерзімге шартты жаза сұрады
Бұл жөнінде айыпталған азаматтардың адвокаты Шынқуат Байжанов Азаттыққа хабарлады. Ол айыпкерлердің «жартысына» нақты түрме жазасы сұралғанын айтты, бірақ нақты кімдерге екенін айта алмайтынын хабарлады.
"Оны кейін үкім шыққан соң ғана айта аламын", – деді Байжанов.
Адвокаттың айтуынша, 9 сәуірде сотта айыпталушылардың соңғы сөз сөйлеуіне мүмкіндік беріледі, содан соң үкім оқылады.
Жетісу облысының орталығы – Талдықорғанда 19 адамның «ұлтаралық араздықты қоздыру» ісі жабық жағдайда өтіп жатыр. Қатысушылардың іс бойынша ақпарат беруіне рұқсат жоқ.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram