avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
08.04.2026 16:42
▪Қазақстан елдің батыс аумағына құлаған дрондарға қатысты тексеріс жүргізіп жатыр.

Бұл туралы 8 сәуірде қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтты. Оның сөзінше, үкіметаралық комиссия дрондардың қай елге тиесілі екенін, қай жақтан келгенін анықтайды.

Вице-министр "Қазақстанда әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдары мен радиоэлектрондық құрылғылар жеткілікті, қазір дрондардан қорғайтын құрылғылар да сатып алынып жатыр" дейді. Мұстабеков Қазақстанның әуе қорғанысы "штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын" айтады.

🔹Қанша дрон құлады?


Министр орынбасары Қазақстанға екі дрон құлады дейді. Бірақ осыған дейін елдің батыс өңірлеріне төрт дрон түскені айтылған. Мәселен, 2025 жылы 18 ақпанда да БҚО Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылы маңынан дрон табылған. Кейбір әскери сарапшылар құлаған дрон "ресейлік "Орлан 10" ға ұқсайды" деп жазған еді.

19 наурызда БҚО Тасқала ауданынан, 26 наурызда БҚО Жәнібек ауданынан, 18 маусымда Маңғыстау облысы Қарақия ауданындағы "Болашақ" темір жол станциясы маңынан дрон табылған.
🤬 15
😁 4
2
3 1.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram