avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
08.04.2026 10:17
Azattyq - Азаттық Трамп Иран Ормуз бұғазын дереу ашса, бомбалауды тоқтатуға келісетінін айтты АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран Ормуз бұғазын дереу ашатын болса, Иранды бомбалауды екі аптаға тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді. "Иранды бомбалап,шабуыл жасауды екі аптаға тоқтатуға келісемін", деп жазды Трамп. Иран тарабынан "10 тармақтан тұратын ұсыныс" түскенін айтқан Трамп оны келіссөз жүргізуге негіз етуге болады деп санайтынын жеткізді. Оның сөзінше, соғыстағы екі апта үзіліс түпкілікті бітім жөнінде келісімге келу үшін қажет. Тегеран әзірге ресми реакция танытпады. Иран мемлекеттік телеарнасы АҚШ президентінің мәлімдемесі жөнінде: "Трамп Иранның соғысты тоқтату туралы шартын қабылдап, атысты екі аптаға тоқтататынын жариялады" деп хабарлады. АҚШ-пен бірге Иранға қарсы шабуылдарды бастаған Израиль де ұстанымын әзірге білдірген жоқ.
АҚШ президенті Дональд Трамптың мәлімдемесінен кейін шамалы уақыт өткенде Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арақчи және Иранның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы кеңесі Тегеран атысты екі аптаға доғаруға және Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын қалпына келтіруге келісетінін жариялады.

Арақчидің сөзінше, кемелер бұғаз арқылы "Иранның қарулы күштерінің үйлестіруімен және техникалық шектеулер аясында" өтетін болады.

Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф атысты тоқтату туралы келісім күшіне енді деп жариялады.

АҚШ-пен бірге Иранға қарсы шабуылдарды бастаған Израиль ұстанымын әзірге білдірген жоқ.
👍 20
😁 7
3
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram