avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
08.04.2026 09:50
Тоқаев Таяу Шығыстағы атысты тоқтату келісімін құптады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Таяу Шығыста атысты тоқтату жөніндегі келісімге келуді құптайтынын айтты. Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф пен сол елдің қарулы күштері қолбасшысы фельдмаршал Асим Мунирдің араағайындығы арқасында келісімге қол жеткізілгені айтылған.

"Бұл келісім АҚШ президентіДональд Трамптың және Иранның жоғарғы басшылығының, сондай-ақ әскери қақтығысқақатысқан елдердің ізгі ниеті мен парасаттылығының арқасында мүмкін болды", делінген Ақорда ақпаратында.

Қазақстан басшысы әлемдік сауданың дамуына және барлық мемлекеттің экономикалық өркендеуіне жағдай жасау мақсатында қол жеткізілген бітімгершілік келісімі ұзақ мерзімді сипатқа ие болады деп үміт білдірген.
💩 12
🤡 10
👍 4
3
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram