Трамп Иран Ормуз бұғазын дереу ашса, бомбалауды тоқтатуға келісетінін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп егер Тегеран Ормуз бұғазын дереу ашатын болса, Иранды бомбалауды екі аптаға тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.
"Иранды бомбалап,шабуыл жасауды екі аптаға тоқтатуға келісемін", деп жазды Трамп.
Иран тарабынан "10 тармақтан тұратын ұсыныс" түскенін айтқан Трамп оны келіссөз жүргізуге негіз етуге болады деп санайтынын жеткізді. Оның сөзінше, соғыстағы екі апта үзіліс түпкілікті бітім жөнінде келісімге келу үшін қажет.
Тегеран әзірге ресми реакция танытпады. Иран мемлекеттік телеарнасы АҚШ президентінің мәлімдемесі жөнінде: "Трамп Иранның соғысты тоқтату туралы шартын қабылдап, атысты екі аптаға тоқтататынын жариялады" деп хабарлады.
АҚШ-пен бірге Иранға қарсы шабуылдарды бастаған Израиль де ұстанымын әзірге білдірген жоқ.
🤣11
❤7
😁5
1 1.6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram