7 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға "келісімге келмесеңдер түнде тұтас бір өркениетті жойып жіберемін" деді. Ол Тегеранға бұған дейін де бірнеше рет талап айтқан:
⌛21 наурыз: Иран 48 сағатта Ормуз бұғазын ашпаса Иранның электр станцияларына соққы жасап, қирататынын жазған. Кейін Тегеранмен "келіссөз жүріп жатқанын" айтып, бұл дедлайнды 6 сәуірге дейін ұзартқан. Ал Иран АҚШ-пен келіссөзді жоққа шығарған еді.
⌛3 сәуір: 6 сәуірге қойылған уақыт тақап қалған тұста Трамп тағы да "Иран тозаққа айналмас үшін 48 сағат уақыты бар" деді.
🕗 4 сәуір: Трамп тағы да пост жариялап "7 сәуір – электр станциялары мен көпір күні болады. Сәрсенбі. АҚШ-тың шығысындағы уақытпен кешкі 8!" деп жазды.
🕗 7 сәуір: "Кешкі 8" деген уақытқа бірнеше сағат қалғанда Трамп Truth Social желісінде "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.
😁30
🖕10
❤6
🤬3
🤡2
🥱2
7 6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram