Бас прокуратура желіде "цифрлық қауесет" тарататындарға жаза барын ескертті
Қазақстанның Бас прокуратурасы әлеуметтік желіде "заңға қайшы" пост жазған авторларды анықтауға болатынын мәлімдеп, интернеттегі "жалған, қауесет, тексерілмеген" жазбалар үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын ескертті
"Цифрлық ортада толық анонимділік жоқ" екенін айтқан прокуратура заманауи технологиялар жазбаның бастапқы көзін, тіпті жасырын аккаунттарды да анықтай алатынын айтты.
Бұл мәлімдеме сайттар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер мен БАҚ контентін тұрақты бақылауға мүмкіндік беретін жаңа интернет-мониторинг ережелері талқыланып жатқан тұста жарияланды
Бас прокуратура сөз еркіндігі жалған ақпарат таратуға немесе өзгенің құқығын бұзуға негіз болмауға тиіс деген ұстанымын қайталаған.
💩21
🤬5
🤣4
👎1
1.5K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram