avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
07.04.2026 17:47
⚡Трамп Иранға тағы да ескерту жасап "бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі" деді

Truth Social желісінде АҚШ президенті "Бүгін түнде тұтас бір өркениет өледі және ешқашан қалпына келмейтіндей болады. Мен бұлай болғанын қаламаймын, бірақ солай болатын сияқты" деді.

Трамп жазбасын Тегеран АҚШ-пен атысты 45 күнге тоқтатудан бас тартты деген хабар тараған тұста жариялады.

Бұған қоса, ол "Иранның ақылдырақ және қатты радикалданбаған басшылары" бүгін түнге дейін Вашингтонмен келісімге келер деген үмітін де жазды.

"47 жыл тонау, жемқорлық және өлім аяқталады. Иранның ұлы халқын Құдай жарылқасын" деді Трамп жазбасында.
🤣 17
👍 13
🤔 5
🤮 5
🖕 1
3 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram