🏗 Өскемен, Семей, Көкшетаудағы жылу электр станцияларын Ресейдің орнына Сингапур мен Қазақстан салады
Өскемен, Семей және Көкшетаудағы жылу электр станцияларын Қазақстан мен Сингапурдың консорциумы салады. Бұл туралы 7 сәуірде үкіметтегі брифингте энергетика вице-министрі Сұнғат Есімханов хабарлады.
Бұған дейін үш станцияны Ресей салатыны айтылған еді.
Жоспар бойынша, көмір қолданылатын жылу станциялары 2029 жылы салынып бітуі керек.
Есімханов орталықтарды Қазақстан мен Сингапурдың біріккен консорциумы салатынын, жобада Қытайдың технологиясы да қолданылатынын айтады.
🔹Ресеймен келісім
2023 жылдың соңында "Самұрық-Қазына" ұлттық қоры мен оған еншілес "Самрұқ-Энерго" компаниясы Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында ЖЭС салу бойынша Ресейдің "Интер РАО – Экспорт" және "Фирма ОРГРЭС" компанияларымен келісімге келген.
"Самұрық-Қазына", "Фирма ОРГРЭС" және "Интер РАО – Экспорт" басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербургқа барған сапары кезінде келіссөз жүргізген еді.
Энергетика министрлігі Қазақстанның Ресей компанияларынан неге бас тартқанын айтпады.
👏32
👍12
😁5
❤2
2 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram