avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
07.04.2026 11:54
️️ Қостанайда 2,5 млрд теңгенің субсидиясын жымқыру ісі бойынша 30 адам сотталды

Қостанай соты агросубсидияларға қатысты 2,5 млрд теңгеден астам қаржы жымқыру ісі бойынша 30 айыпталушыға үкім шығарды.

Іс фигуранттары арасында ет комбинаты басшылары, фермерлер, ветеринарлар және ауыл шаруашылығы басқармасының шенеуніктері бар.

Тергеу дерегінше, күдіктілер жалған құжат, "қағаз бетіндегі мал" және өндіріс қуатын қолдан өсіріп көрсету арқылы мемлекеттен миллиардтаған теңге субсидия алған.

Істегі негізгі фигурант 14 жылға, басқа айыпталушылар 3 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімдерге сотталды, ал бірнеше адамға рақымшылық пен шартты жаза қолданылды.

Сот сондай-ақ 1,3 млн доллар мен 4 мың еуро және 600 млн теңгеден астам қаржыны тәркілеу туралы шешім шығарды.

Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
🔥 12
👍 7
😁 3
1 1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram