️ Алматыда үш адамның өмірін қиған апатқа күдікті ауруханадан абақтыға ауыстырылды
Алматыдағы әл-Фараби даңғылы бойында үш адам қаза тапқан резонансты жол апатына күдікті ZEEKR жүргізушісі тергеу абақтысына ауыстырылды.
Полиция мәліметінше, ол бұған дейін ауруханада күзетпен жатқан. Бұған дейін сот күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарған.
21 наурызда түнгі мезгілде қатты жылдамдықпен келген ZEEKR жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Салдарынан үш адам оқиға орнында қаза тапты. Тергеушілер күдіктің масаң күйде болған дейді.
Резонанс күшейген соң ІІМ Алматы полициясының бірнеше лауазымды жетекшісін қызметтен босатты. Қазір бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр.
👍17
🔥5
2 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram