avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
07.04.2026 10:19
⚡️ "Крокус Сити Холл" ісі бойынша өмір бойына сотталғандардың бірі Мәскеу абақтысында көз жұмды

Мәскеудегі "Матросская тишина" тергеу абақтысында 2024 жылы "Крокус Сити Холл" концерт залында болған теракт ісі бойынша өмір бойына сотталған ер адам суицид жасаған деп хабарлады Ресей билігі.

ФСИН мәліметінше, дәрігерлер жедел көмек көрсеткенімен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған. Қазір қызметтік тексеру жүріп жатыр.

Ресейлік БАҚ қазаға ұшыраған адам - 37 жастағы Тәжікстан азаматы Якубжони Давлатхон Юсуфзода деп жазды. Ол терактіні қаржылай қолдады деген айыппен биыл наурызда өмір бойына сотталған 15 адамның бірі болған.

2024 жылғы "Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған шабуылдан 149 адам қаза тауып, 600-ден астамы жараланған.
🤬 25
1
1 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram