Павлодар өңірінде жалғыз адам пикетіне шықпақ болған белсенді 10 күнге қамалды
Павлодар облысы Көктөбе ауылының 59 жастағы тұрғыны Ақылбек Темірғалинов әлеуметтік мәселе бойынша жалғыз адам пикетін өткізетінін жариялағаннан бір күннен кейін 10 тәулікке қамалды.
Ақсу қалалық соты оны "каннабиноидты медициналық емес мақсатта қолданды" деген айыппен жауапқа тартқан. Сот шешімі медициналық сараптама қорытындысына сүйенген.
Темірғалинов айыпты жоққа шығарып, мұны пикет туралы жазбасымен байланыстырады. Ол Семей полигонынан зардап шеккендердің қоғамдық көлікте тегін жүру құқығын көтеріп жүргенін, жеңілдік тек зейнеткерлерге ғана берілгенін сынап, сотқа жүгінетінін және пикетке шығатынын жазғаннан кейін үйіне полиция келгенін айтты.
Құқық қорғаушы Ерлан Қалиев аноним шағым иесі сотта анықталмағанын, ал сараптама құжатында мөр болмағанын айтты. Қорғау тарапы істі домалақ арызға сүйенген күмәнді процесс деп бағалап, апелляцияға бермек.
Темірғалинов бұған дейін де билікті сынаған жазбалары үшін 2024 жылы 6 күнге қамалған.
🤬17
😱9
❤1
🤔1
3 1.5K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram