avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
06.04.2026 13:59
❗Израиль Иран барлау қызметінің басшысын өлтірді

Израиль Иран ислам революциясы сақшылар корпусының барлау басшысы Маджид Хадемиді өлтіргенін мәлімдеді. Бұл туралы Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац айтты.

Иран революция сақшылар корпусы Tasnim ақпарат агенттігі арқылы Хадемидің өлімін растады. Мәлімдемеде барлау басшысы 6 сәуір таңертең «террорлық әрекеттен қаза тапқаны» айтылды.

Хадеми сақшылар корпусының барлау бөлімін 2025 жылы маусымнан бастап басқарады. Оның алдында бұл бөлімді басқарған Мохаммад Каземи Израильдің шабуылынан қаза болған еді.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға соғыс ашқалы Иран режимінің бірнеше жетекшісі мен әскери басшылары қаза тапты. Олардың арасында Иранның рухани көсемі Әли Хаменеи мен жоғарғы қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани бар.
16
😡 9
👍 7
🔥 3
😢 1
🕊 1
1 1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram