avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
06.04.2026 11:45
Абай облысында сарбаз өліміне қатысты жауапқа тартылған дәрігер амнистияға ілінді

Аягөзде мерзімді әскери қызметін атқарып жүргенде ауруханаға түсіп, сонда қайтыс болған сарбаздың ісіне қатысты сотталған дәрігер жазадан босатылды, деп жазды Tengrinews. Әскери сот оны екі жылға бостандығынан және сондай мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырған, бірақ кейін оған амнистия қолданған.

20 жастағы сарбаз былтыр сәуірде әскерге шақырылып, 16 мамырда Аягөз әскери госпиталінде ауыр халде түскен. Дәрігер оған жедел назофарингит диагнозын қойып, ауруханаға жатқызған. Бірақ жас жігіт жағдайы нашарлап, 19 мамырда қайтыс болған.

Сот-медициналық сараптама өлім себебін іріңді менингиттің асқынуынан деп көрсетті. Сарапшылар егер әу баста дұрыс диагноз қойылып, ем уақытында басталса, сарбаз аман қалуы мүмкін еді деген тұжырым жасаған.

Сот моральдық, материалдық және өкілдік шығын ретінде айыпкерден 12 миллион теңгеден астам соманы өндіріп алу туралы шешім шығарған.
😱 9
💩 5
🤬 3
😡 1
1.4K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram