HRW ұйымы Feminita белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға шақырды
Human Rights Watch (HRW) құқық қорғау ұйымы Қазақстандағы Feminita ұйымының белсендісі Жанар Секербаеваның үстінен қозғалған қылмыстық істі тоқтатуға үндеді.
"Қазақстан билігі Секербаеваға тағылған айыптарды алып тастап, оған қарсы қолдан жасалған істі тоқтатуға тиіс" деді HRW ұйымының Орталық Азия бойынша кеңесшісі Мира Риттман. "Қазақстанда ешкім лесбиян болғаны үшін немесе ЛГБТ адамдардың құқықтарын бейбіт түрде қорғағаны үшін қылмыстық қудалаудан қорықпауы керек".
Ұйымның жазуынша, іс былтыр қарашада Астанадағы бір кафеде болған оқиға бойынша қозғалған. 22 қарашада Секербаева мен оның әріптесі Темірлан Баймаш ЛГБТИК+ қауымы өкілдерімен кездесу өткізбек болғанда оларға қарсы бір топ белсенді сол жерге келіп, дау шығарған, жиын қатысушыларына агрессия танытқан. HRW сол жиында Секербаеваның соққыға жығылғанын айтады. Кейін жиынды бүлдірді деген белсенділердің бірі – Зиуар Жұманова ЛГБТ белсенділерінің үстінен арызданған. Артынша полиция Секербаева мен Баймашты ұстаған.
Жанар Секербаеваның жазуынша, іс қылмыстық кодекстің 109-1 бабы ("Ұрып соғу") бойынша қозғалған. Алғашқы сот отырысы 7 сәуірге белгіленген.
Толығырақ...
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram