avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
06.04.2026 10:37
Ақмола облысында бөгет бұзылып, тасқын су далаға жайылған

Ақмола облысы Қорғалжың ауданындағы Шөптікөл бөгеті бұзылды. Төтенше оқиға 5 сәуір күні сағат 19.00 шамасында Сабынды ауылына тақау жерде болған деп жазды жергілікті басылымдар.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан түсірілген видеолар тарап жатыр. Куәгерлер Астана – Қорғалжың бағытындағы тасжолдың бір бөлігінде жол бойын тасыған су басқанын айтады.

Жергілікті билік орындары Сабынды ауылына қауіп жоқ, жағдай толық бақылауда екенін және тасқын бұзған бөгетті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтып отыр деп жазды Orda басылымы.
🤔 8
4
👍 4
🔥 1
1.3K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram