avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
06.04.2026 10:22
XIV Лео алғашқы Пасха жолдауында әлемді бейбітшілікке шақырды

5 сәуірде Ватикандағы Әулие Петр алаңында Рим папасы XIV Лео понтифик ретіндегі алғашқы Пасха жолдауын жасап, әлемдегі соғысты ушықтыруға ықпалы бар күштерді бейбітшілік жолын таңдауға үндеді.

"Қолында қаруы барлар оны тастасын. Соғысты бастауға билігі барлар бейбітшілікті таңдасын", – деді понтифик.

Папа қазіргі заманда соғыс пен адам қазасына қоғамның үйреншікті құбылыс ретінде қарай бастағанына алаңдаушылық білдіріп, адамзат немқұрайдылыққа бой алдырмауы керек екенін айтты.

Рим католик шіркеуі тарихындағы АҚШ-та туған алғашқы папа саналатын XIV Лео бұған дейін де Таяу Шығыстағы және өзге аймақтардағы қарулы қақтығыстарды бірнеше рет сынап, шиеленісті тоқтатуға шақырып жүрген.

Өткен сейсенбіде XIV Лео АҚШ президенті Дональд Трамппен сөйлесіп, Иранмен қақтығысты тоқтатудың жолын табуға шақырған.
11
🤷 2
👍 1
1 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram