avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
05.04.2026 16:45
Telegram негізін қалаушы ресейліктерді “Цифрлық қарсылыққа” шақырды

Ресей билігі бұғаттап жатқан Telegram-ның негізін қалаушы Павел Дуров мессенжердің трафигін Ресейде бұғаттауға қиын болатындай жасауға уәде берді.

“Telegram Ресейде бұғатталды, бірақ 65 млн ресейлік әлі де күн сайын VPN арқылы оны қолданады, ал 50 миллионнан астамы күн сайын онымен хабарлама жібереді” деп жазды Дуров ағылшын тілінде өзінің телеграм-парақшасында.


Оның сөзінше, Ресей билігінің түрлі ресурстарды, ішінде VPN-дарды да бар, бұғаттау талпынысы елдің банк жүйесін қиын жағдайда қалдырған – "кеше қолма-қол ақша біраз уақыт елде төлем жүргізудің жалғыз амалы болып қалды” деді.

Ресей билігі Telegram-ды бұғаттаған, алайда ол елде ішінара істеп тұр.

Дуров Ресейдің бұғаттауын Ирандағы интернетті өшірумен салыстырды. Оның пікірінше, Иранда бұғаттау өз мақсатына жете алмаған.

“Цифрлық қарсылыққа қайта қош келдіңіздер, менің ресейлік бауырларым мен әпке-қарындастарым. Тұтас ұлт қазір осы масқара шектеулерді айналып өтуге күш салып отыр. Мыңдаған адам өзінің VPN мен проксилерін жасап жатыр. Өз тарапымнан айтарым, Telegram-ның трафигін анықтауға әрі бұғаттауға қиын қылу үшін бейімделуді жалғастыра береміз” деп жазды Дуров.
👍 24
👏 5
3
3 1.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram