avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
05.04.2026 09:06
Трамп Тегеранға келісімге келіп, Ормуз бұғазын ашуға 48 сағат уақыт берді

4 сәуірде АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеран келісім жасасуы керек немесе Ормуз бұғазын ашуы керек, әйтпесе оны "тозақ" күтіп тұрғанын айтты. АҚШ басшысы Иранды "тас ғасырына" қайтарамын деп бұған дейінгі қоқан-лоқысын да қайталады.

"Естеріңізде ме, Иранға келісім жасауға немесе Ормуз бұғазын ашуға 10 күн уақыт берген едім. Уақыт бітіп барады – тозақ басталғанға дейін 48 сағат уақыт бар. Құдайға шүкір!" деп жазды Трамп Truth Social платформасында.

Ізінше Трамп видео жариялап, Тегеранға жасалған "жаппай соққыдан" ирандық көп әскери басшы қаза болғанын мәлімдеді.

Трамптың соңғы мәлімдемесінен кейін генерал Әли Абдолла Әлиабад Трамптың қоқан-лоқысын "дәрменсіз, жүйкесі жұқарған, ақымақ адамның әрекеті" деп атады.

🔗Толығырақ оқыңыз
😁 18
🤔 6
👍 3
🤡 3
2
👎 1
1 1.6K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram