Иранда атып түсірілген америкалық F-15E жойғыш ұшағының ұшқышын іздеу жалғасып жатыр
Әскери ұшақта екі адам болған. Бұған дейін Америка күштері іздеу-құтқару операциясының нәтижесінде ұшқыштардың бірін тауып, қауіпсіз орынға жеткізген. Бұған қоса, Парсы шығанағында апатқа ұшыраған тағы бір ұшақтың да ұшқышы құтқарылған. Иран билігі екі ұшақты да атып түсіргенін айтқан. Екінші ұшақтың апатқа ұшырау себебі белгісіз.
Иран билігі жергілікті тұрғындарды іздеу операциясына қосылуға шақырып, сыйақы беруге уәде берді.
Пентагон әлі ресми түрде ұшақ апатына қатысты түсініктеме берген жоқ. Дегенмен Ақ үй ұшақтың атып түсірілгенін жоққа шығармады. АҚШ президенті Дональд Трамп NBC News арнасына берген сұхбатында оқиға АҚШ-тың Иранмен бейбіт келіссөзіндегі ұстанымына әсер етпейді деді.
👍15
❤3
🔥3
2 1.6K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram