Қазақстанға былтыр миллионға жуық Қытай азаматы келген
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, 2024 жылы Қазақстанға Қытайдың 655 мың азаматы келсе, былтыр бұл көрсеткіш 968 мың адамға жеткен. Яғни, өсім 48 пайызға жуықтап отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, наурыз айында Алматы – Шанхай тікелей әуе рейсі де іске қосылған. Бұл да Қытай туристерінің артуына ықпал етіп отыр.
Қазір Қазақстан мен Қытай арасында Пекин, Үрімжі, Шанхай және өзге қалаларға тікелей рейстер бар, жиілігі жағынан ең ірісі – Алматы-Үрімжі бағыты бойынша күніне бірнеше рейс ұшады.
2023 жылғы қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз тәртіп орнаған. Содан бері елде Қытай туристерінің саны күрт артқан.
🤬25
👍14
👎10
❤1
😁1
💩1
9 7K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram