avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
04.04.2026 11:35
БАҚ: Ресейде қазақстандық SIM-карталарды сатып ала бастады

Ресейде шетелдік SIM-карталар мен eSIM-дерге сұраныс күрт артты. Бұл жөнінде ұялы телефон нарығы туралы жазатын Mobile-Review сайтының редакторы Елдар Муртазинге сүйенген “Уральская неделя” жазды.

Байланыс операторларының бірінің дерегін алға тартқан Муртазиннің айтуынша, екі күнде ресейлік желілерде шамамен 9 мың жаңа роумингтік SIM-карта пайда болған. Оларды туристер емес, жергілікті тұрғындар пайдалана бастаған.

Ресейлік Telegram-арналар мен парақшалар Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және өзге де көрші елдердің SIM-карталары мен eSIM-дері сатылатыны жайлы хабарландыруларды жарыса жариялап жатыр.

“Маркетплейстерде қазір мұндай қосымшалар көп: Беларусь, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан нөмірін сатушылардың айтуынша, [мұндай SIM-мен] Ресейде интернет мүлде басқаша істейді – барлығы ашылады, тіпті бұғатталған шетелдік ресурстар да ашыла береді, ешқандай VPN-ның қажеті жоқ” деп жазды басылым.

Мұндай хабар Ресей билігі елде интернет-ресурстарға шектеу қойып жатқан шақта жарияланып отыр. 3 сәуірде елде банкоматтар мен банк қосымшалары істемей, метролар мен қоғамдық көліктер карталарды қабылдамай қойған.
👎 22
🤬 17
👍 4
2
😁 2
3 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram