“Қазавтожол”: “Кеген – Нарынқол” автожолындағы қозғалыс қалпына келтірілді
Жолға жауапты ұлттық оператордың хабарлауынша, опырылып түскен аумақта айналма жол салынған.
«Кеген – Нарынқол» республикалық маңызы бар автомобиль жолының 20-шақырымында су шаю салдарынан зақымданған учаскеде қиыршықтас төсемі бар айналма жол салынып, көлік қозғалысы қалпына келтірілді” деп жазылған “Қазавтожолдың” хабарламасында.
Бір күн бұрын еріген қар суының салдарынан Алматы облысында Кеген – Нарынқол автожолының бір бөлігі опырылып түсіп, қозғалыс уақытша шектелген еді.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram