avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
04.04.2026 08:51
Иранда атып түсірілген америкалық әскери ұшақтың экипаж мүшесі құтқарылды

Америкалық шенеунік Азат Еуропа/Азаттыққа америкалық күштер 3 сәуірде Иранда атып түсірілген жойғыш ұшақтың экипаж мүшесі құтқарылғанын хабарлады.

Америкалық шенеуніктің мәлімдемесіне дейін бірнеше сағат бұрын Иран билігі АҚШ-тың әскери ұшағын атып түсіргенін хабарлап, онда болғандарды ұстап әкелгендерге сыйақы тағайындаған еді.

Бірқатар ақпарат құралдары құтқару операциясына арнайы күштердің қатысқанын жазды. Кей ақпаратқа қарағанда, ирандық әуе қорғаныс күштері Black Hawk тікұшағына зақым келтірген, алайда ол базаға орала алған. CBS дереккөздерге сүйене отырып, ұшқышты тікұшақ эвакуациялаған кезде тікұшақтың өзіне құрлықтан оқ жаудырылғанын хабарлады. Тікұшақтың экипаж мүшелерінің бірі жарақат алған. Десе де, базаға дейін ұшып бара алған.
👍 20
8
👎 7
🤔 1
3 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram