Аннексияланған Қырымда ресейлік Су-30 жойғыш ұшағы
апатқа ұшырады. Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігіне сүйенген "Интерфакс" хабарлады.
Ұшақ Мәскеу уақыты бойынша сағат 11 шамасында жоспарлы оқу-жаттығу кезінде апатқа ұшырады. Ведомствоның хабарлауынша, ұшақ оқ-дәрі алып жүрмеген. Экипаж мүшелері ұшақтан секіріп кеткен.
31 наурызда аннексияланған Қырымда ресейлік әскери-көлік ұшағы Ан-26 апатқа ұшыраған еді. Ұшақ бортында 30 адам болған – экипаждың 7 мүшесі, 23 жолаушы. Ақпарат құралдары дереккөзге сүйене отырып, ұшақтың тауға соғылғанын жазды. Ресми мәлімет бойынша, апатқа техникалық ақау себеп болған.
BBC-дің Орыс қызметінің хабарлауынша, қаза болғандар арасында генерал-лейтенант Александр Отрощенко болуы мүмкін. "Досье шпиона" телеграм-арнасының жазуынша, әуе апатынан солтүстік флоты штабының алты офицері де қаза болған.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram