Azattyq - Азаттық @azattyq 03.04.2026 09:57 Скопировать Пожаловаться Жамбыл облысында сарбаздың өліміне қатысты тергеу аяқталды: рота командирі сотталмақ Бас прокуратураның хабарлауынша, Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты тергеу аяқталды. Ол 27 қаңтарда гарнизонда қаза болған. Тергеу болжамынша, рота командирі салғырттық танытқан: “жеке құрамның қызметін және сарбаздардың қаруды қолдануын бақыламаған”, “сарбаздың қызметтестеріне қатысты билік өкілетін асыра пайдаланған”. Қылмыстық іс сотқа жолданды. Бас прокуратура іс бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында екенін айтты. Бұған дейін солдат қарудан өзіне оқ атып алғаны хабарланған еді. Әскерде сарбаз өлімі жиілеген тұста бас прокуратура елдегі әскери бөлімдердің қауіпсіздігі тексерілетінін мәлімдеген. ❤ 13 🔥 8 🤔 3 👍 1 1 1.4K
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram