avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
03.04.2026 08:38
Молдова парламенті ТМД-дан шығуды мақұлдады

Молдова парламенті ТМД-ны құру туралы келісім мен Достастық жарғысын жою туралы заң жобаларын қабылдады.

Бейсенбі күні бұл шешімді 101 депутаттың 60-сы қолдады деп жазды "Интерфакс". Құжатты негізінен басқарушы "Қимыл мен ынтымақтастық", бұрынғы премьер-министр Ион Кикудың партиясы өкілдері қолдаған.

Коммунистер мен социалистер партиясы келісімнің күшін жоюға қарсы болды. Олар "Молдова ТМД-дан шықса, ел экономикасы үшін салдары жаман болады" деп мәлімдеді.

Келісімнің күшін жою туралы бастама көтерген сыртқы істер министрлігінің айтуынша, ТМД-ның құндылықтары мен принциптерін қазіргі кезде Достастық елдерінің кейбірі сақтамайды.

"Бұған қоса, ТМД келісімін жою – Еуроодаққа қосылу жолындағы табиғи әрі ажырамас қадам" деп жазылған ведомствоның түсіндірме хабарламасында.
👍 65
🔥 9
5
2 1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram