avatar
Azattyq - Азаттық
@azattyq
02.04.2026 17:11
“Атажұрт” белсенділерінің ісі бойынша сот аяқталып келеді. Адвокат Шынқуат Байжанов бейсенбі күні соттан шыққаннан кейін жарыссөз 8 сәуірде өтетінін айтты.

“Келесі сот 8 сәуір сағат 10-ға қалдырылды. Жарыссөзге дайындалып келіңдер деді. 8 күні таңертең жарыссөз басталады” деді адвокат.

Бір күн бұрын сотталушылардың туыстары Алматыда баспасөз жиынын өткізіп, жақындарының денсаулықтарына қатты алаңдап отырғандарын айтқан еді.

«Атажұрт» ұйымның 18 мүшесі қамауда және үйқамақта отырғанына 6 айға таяды. Олардың денсаулық жағдайы сыр беріп жатыр. Атап айтқанда, [бұрын] Қытай концлагерінде отырып азапталған Тұрсынбек Қабидың жағдайы қатты нашарлаған. Ал Батылбек Байғазының көзі мүлде көрмейді, Бақытнұр Нұрмұқанның құлағы мүлде естімей қалған. Ал асыраушысынан айырылған қамалғандарың отбасы мүшелері қатты зардап шегуде. Бейсенәлі Ақжігіттің кәмелетке толмаған 5 баласы асыраусыз қалды, ал Марғұлан Нұрданғазының жүкті әйелі уайымның салдарынан жүрегінен ақау шыққан” деген еді туыстары.
🤬 13
😢 5
2
😡 1
1 1.4K
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Azattyq - Азаттық

11K
Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат!

❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз.

📍Website: https://www.azattyq.org

📍Instagram*: https://www.instagram*.com/azattyq/
* Принадлежит организации Meta, которая признана экстремистской и запрещена на территории РФ
Открыть в Telegram