Талдықорғанда жол апатынан екі жасөспірім ауыр жарақаттанды
2 сәуірге қараған түні Талдықорғанда Toyota Camry жүйткіп өтіп, мопедпен жүрген екі жасөспірімді қағып кетті.
Полицияның хабарлауынша, жол апаты Жансүгіров пен Балпық би көшелері қиылысында болған.
Алдын ала мәліметке қарағанда Camry жүргізушісі қызылға өтіп, мемлекеттік нөмірі жоқ мопедті қаққан. Соққының қатты болғаны соншалықты 2007 жылғы жасөспірім шарбақтан әрі қарай ұшып кеткен.
Екі жасөспірім ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылды. Бірінің бассүйегі, қолы сынған, басында көп жарақат бар деп айтылады. Екіншісі жамбас сүйегінен ауыр жарақат алған, аяқтары мен омыртқасы сынған.
Жол апатына байланысты тергеу басталған. Жол апатының жай-жапсары анықталып жатқаны хабарланды.
Видео: Талдыкорганец_insta
😢18
🤬6
😱4
👎2
❤1
👍1
1 1.4K
Обсуждение
0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram