avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
Переслано от канала
15.04.2026 10:02
Путин мен Трамп Қытайға бір уақытта бара ма?

Ресей Президенті Владимир Путин 2026 жылдың мамыр айының екінші жартысында Қытайға баруы ықтимал. Бұл туралы сапарды дайындауға қатысы бар екі дереккөз «Ведомости» басылымына хабарлаған. Алдын ала жоспар бойынша, сапар 18 мамырдан кейінгі кезеңге сәйкес келуі мүмкін, алайда нақты күні әлі келісілмеген.

Қазір сапарға дайындық жүріп жатыр. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың Қытайға сапары кезінде екі ел басшыларының алдағы кездесулері талқыланған. Сондай-ақ Путин биыл күзде Қытайға екінші рет баруы мүмкін, бұл қараша айында өтетін АТЭС саммитімен байланысты.

Ал АҚШ Президенті Дональд Трамптың Қытайға сапары әзірге нақты расталмаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның сапары 14–15 мамырға жоспарланған, бірақ кейінге шегерілуі мүмкін деген болжам бар. Сарапшылардың пікірінше, екі көшбасшының сапарлары бір-бірімен байланысты емес, дегенмен олардың бір кезеңде өтуі геосаяси тұрғыда үлкен назар аудартады.

@atamekenbusiness_silkway
👍 2
🤔 2
😁 1
😱 1
😎 1
477

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram