avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
15.04.2026 09:02
Елімізде 3,7 млн тонна мұнай өнімдері өндірілді

Энергетика министрлігінің хабарлауынша, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша республикада мұнай өнімдерін өндіру көлемі 3,7 млн тоннаға жетті. Бұл ретте жылдық болжамды көрсеткіш 15,4 млн тонна деңгейінде белгіленген.

Өндіріс құрылымында әлеуметтік маңызы бар отын түрлері негізгі орын алады: бензин – 1,6 млн тонна, ал дизель отыны – шамамен 1,5 млн тонна.

Павлодар мұнай-химия зауытының қуаттылығын 5,5 млн тоннадан 9 млн тоннаға дейін, Шымкент зауытының қуатын 6-дан 12 млн тоннаға дейін, ал Атырау мұнай өңдеу зауытының қуатын 5,5-тен 6,7 млн тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 4
🔥 3
😎 2
👌 1
1 723

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram