Израиль мен Ливан тікелей келіссөздер жүргізуге ниетті
Израиль мен Ливан өкілдері Вашингтонда өткен кездесудің қорытындысы бойынша тікелей келіссөздерді бастауға бағытталған қадам жасады. Тараптар 1993 жылдан бері алғаш кездесіп отыр. Келіссөздердің өтетін уақыты мен орны кейінірек келісілмек. Бұл туралы сейсенбі күні АҚШ Мемлекеттік департаменті хабарлады.
Екі сағатқа созылған келіссөздер үшжақты форматта өтті. АҚШ Израиль мен Ливан елшілерінің бұл кездесуін «тарихи кезең» деп атады. Вашингтон алдағы келіссөздерде екі елге де қолдау көрсетуге дайын. АҚШ Израильдің «Хезболлах» тарапынан жасалып жатқан шабуылдардан қорғану құқығын қолдайды. Сондай-ақ, кез келген атысты тоқтату туралы келісім екі ел үкіметтері арасында АҚШ-тың арағайындығымен жасалуы тиіс екені атап өтілді.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 0
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram