Түркия мен Израиль арасындағы шиеленіс күшейді
Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоган Израильге қатысты қатаң мәлімдеме жасап, қажет болған жағдайда әскери әрекетке баруы мүмкін екенін айтты. Ол Израильді палестиналықтар мен Ливан тұрғындарына қарсы әрекеттері үшін сынға алды.
Эрдоганның бұл сөзі Израиль билігінің наразылығын тудырып, саясаткерлер тарапынан өткір сынға ұшырады. Кейбірі тіпті Түркиямен дипломатиялық қатынасты үзу мәселесін көтерді. Осылайша, екі ел арасындағы саяси жағдай күрт шиеленісе түсті.
Сонымен қатар, Түркия тарапы Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяху мен бірқатар шенеунікке айып тағып отыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай қадамдар екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі ушықтыруы мүмкін.
@atamekenbusiness_silkway
Обсуждение 3
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram