avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 17:31
Atameken Business - Жаңалықтар Фото: Виктор Орбан жеңілгенін мойындады. Ол 2010 жылдан бері билікте болды. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан өзінің қарсыласы Петер Мадьярды жеңісімен құттықтады. Орбан және оның «Фидес» партиясы 2010 жылдан бері Венгрияны басқарып келді. Әлемнің көп бөлігінің назарын аударған парламенттік сайлауда сайлаушылар аса белсенді болды. Дауыс беру нәтижелері толықтай 18 сәуірге дейін жариялануы тиіс. Виктор Орбан мен «Фидес» партиясы өздерінің сайлауалды науқанын негізінен Украинадағы соғыс тақырыбына құрды. Партияның үгіт плакаттарында Владимир Зеленский мен Еурокомиссия төрайымы Урсула фон дер Ляйен бейнелері алаңдататын және қорқынышты жазбалармен бірге көрсетілген. Венгрия Еуроодақ деңгейінде Украинаға қаржылай көмек көрсету мен Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізуді бірнеше рет бөгеп отырды. Сайлау алдында Орбанды АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс қолдау үшін келген еді. Ол сондай-ақ Брюссельді Венгрияның сайлау процесіне араласты деп айыптады. Сайлау қарсаңында Орбанды Дональд Трамп та қолдады. Ал «Тиса» партиясының жетекшісі Петер Мадьяр (2024 жылға дейін Орбанның партиясының мүшесі болған) Украинадағы соғыс тақырыбын көп қозғамауға тырысып, негізгі назарды экономика, әлеуметтік мәселелер және жемқорлыққа аударды. Мадьяр сондай-ақ қатаң көші-қон саясатын қолдайды және ЛГБТ қауымдастығының құқықтарына қатысты пікірді барынша ұстамды білдіреді. Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярды Мажарстандағы парламент сайлауында жеңіске жетуімен құттықтады

Мемлекет басшысы дауыс беру нәтижесі мажар халқы TISZA партиясының жетекшілері мен бағдарламасына жоғары деңгейде сенім білдіргенін көрсетіп, бұл Мажарстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететінін атап өтті.

Президент Астананың Будапештпен стратегиялық серіктестікті нығайтуға айрықша мән беретініне тоқталып, қос халықтың игілігі үшін екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Мадьярдың аса жауапты қызметіне табыс, ал достас мажар халқына құт-береке тіледі.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👍 10
6
👏 5
👨‍💻 2
🤝 1
1 1.5K

Обсуждение 1

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram