avatar
Atameken Business - Жаңалықтар
@atamekenbusiness_qaz
14.04.2026 16:25
Телефон алаяқтары жаңа айлаға көшті

Ұлттық Банк телефон арқылы азаматтардың дербес деректерін қолға түсіруге тырысатын алаяқтар көбейгенін ескертеді. Қаскөйлер «несиеңіздің мәртебесі жаңартылды» деген мәтіні бар хабарлама мен сілтеме таратуға көшкен. Бірақ онда қаржы ұйымының атауы көрсетілмейді.

«Телефон иесі сілтемеге өткенде екінші деңгейлі банктің немесе микроқаржы ұйымының ресми сайты сияқты қолдан жасалған көрнекі сайтқа тап болады. Одан әрі пайдаланушыдан логин, телефон нөмірін, жеке басын куәландыратын құжат мәліметі мен банк картасының деректемелерін немесе басқа да құпия ақпаратты енгізуді сұрайды.
Кейбір жағдайларда сілтеме телефонға зиянды файлды немесе мобильді қосымшаны көшіріп жіберуі мүмкін. Ол орнатылғаннан кейін қаскөйлерге мобильді құрылғыны басқаруға немесе дербес деректерге қол жеткізуге мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.


Ұлттық Банк мұндай сілтемелерге өтпеуге шақырады.

Бізге жазылыңыз -> @atamekenbusiness_qaz
👀 8
👍 4
1
🤔 1
👌 1
👨‍💻 1
🤝 1
1.5K

Обсуждение 0

Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.

Обсудить в Telegram

Atameken Business - Жаңалықтар

20.6K
Қазақстандағы алғашқы іскерлік telegram-арна.

Оқыңыз. Көріңіз. Табыс табыңыз.

Орыс тіліндегі арнамыз -> https://t.me/atamekenbusiness

Біздің сайтымыз -> https://inbusiness.kz/kz
Открыть в Telegram