«ҚазТемірТранс» АҚ бұрынғы вице-президенті 5,2 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Қаржы мониторингі агенттігі «ҚазТемірТранс» АҚ-ның бұрынғы вице-президенті Азамат Капеновке қатысты қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану және ақша қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта
оған халықаралық іздеу жарияланған. Сотпен оған қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
Тергеу амалдарына сай, Азамат Капенов қызметтік жағдайын пайдалана отырып, жүк вагондарын басқару қызметтерін көрсету кезінде байланысы бар компанияларға заңсыз артықшылықтар жасаған.
Салдарынан «ҚазТемірТранс» АҚ-ға 5,2 млрд теңгеден астам мөлшерде залал келтірілген.
Келтірілген залалды өтеу және заңсыз алынған активтерді қайтару мақсатында «Достық» станциясындағы терминалды сотқа дейін тәркілеу туралы өтініш жолданды. Аталған мүлік мемлекет кірісіне өткізілді.
Тергеу жалғасуда.
Бізге жазылыңыз ->
@atamekenbusiness_qaz
Обсуждение 1
Обсуждение не доступно в веб-версии. Чтобы написать комментарий, перейдите в приложение Telegram.
Обсудить в Telegram